• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 09:57:54
Алматы
+12°

Америка Құрама Штаттары Катарды НАТО-ға кірмейтін негізгі одақтас ретінде белгілеуді жоспарлап отыр. Әл-Жазира телеарнасының ақпаратына сәйкес, АҚШ президенті Джо Байден мен Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани тіпті де жақын одақтас болатынын жариялады.

Дүйсенбіде Ақ үйде шейх Тамиммен кездесуінде Байден Катарды "жақсы дос және сенімді серіктес" деп атады.

"Мен АҚШ конгресіне Катармен қарым-қатынасымыздың маңыздылығын көрсету үшін  НАТО-ға кірмейтін негізгі одақтас ел ретінде қарастыруды хабарлаймын" деді Байден.

Бұл – Дохаға Вашингтонмен қарым-қатынасында ерекше экономикалық және әскери артықшылықтар береді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Катар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір