• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қазан, 03:32:55
Алматы
+9°

Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы НЕХабар телеграм каналы хабарлады.

Аталған қызметке ол 2019 жылдың шілдесінде тағайындалған.

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында туған. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "саясат тарихының оқытушысы" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Қазақстан даму институтында, Алматы қаласы әкім аппаратында, президент әкімшілігінде, мәдениет және ақпарат министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде істеген.

2012-2016 жылдары президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің директоры, 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болған.

Ол Алматының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары бола жүріп, идология саласына жауапты болған.

Кеше Бақытжан Сағынтаев қызметінен кетіп, оның орнына Алматы қаласының әкімі болып Ерболат Досаев тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір