• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:56:29
Алматы
+35°

Солтүстік Корея теңізге қысқа қашықтықтағы екі баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы бейсенбі күні Оңтүстік Корея мен Жапония мәлім етті.

"Yonhap" ақпараттық агенттігінің мәліметіне сәйкес, Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары журналистерге жіберген мәтіндік хабарламада "бұл алтыншы ұшырылым" екені айтылған.

Ақпараттық агенттік зымыран шамамен 20 км биіктікте 190 км ұшып өткенін жариялады.

"Біздің әскерилер Солтүстік Кореяның тиісті қозғалыстарын мұқият қадағалап, дайындық күйін сақтауда" делінген Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарының журналистерге жіберген хабарламасында.

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида ұшырулар туралы егжей-тегжейлі ақпарат әлі де жиналып жатқанын, бірақ кез келген баллистикалық зымыран сынақтары "өте өкінішті" жағдай екенін мәлімдеді. Ол бұндай әрекеттер Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзатынын айтты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір