• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:24:46
Алматы
+35°

"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесі ертеңгі съезде қаралатын мәселелерді бекітті. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Бауырдан Байбек хабарлаған.

Саяси кеңес қаулысымен партияның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралатын болып бекітілді.

  1. Партия төрағасын сайлау;
  2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу;

Бұған дейін 2022 жылғы 28 қаңтарда "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XXI съезі өтетіні хабарланған. Құрылтай онлайн форматта өтеді.

2021 жылғы 23 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратыны туралы мәлімдеген.

Сондай-ақ жуырда Қаңтар оқиғасы кезінде президент Қ.Тоқаевқа бұрын экс-президент Н.Назарбаевта болып келген Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір