• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:21:22
Алматы
+21°
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұған дейін осы қызметті Ержан Саденов атқарған. Ол жақында ҚР президентінің өкімімен ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалған.

Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары елордада Полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды. Қостанай облысы және Нұр-сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментін басқарды. Полиция генерал-майоры арнайы атағы бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір