• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:46:49
Алматы
+21°

Әнші Сеит Сауатай 5 қаңтарда бейбіт митингке шығып, сол күні кешке екі аяғынан жарақаттанып №12 Алматы қалалық ауруханаға түскен. Бірнеше күн өткенен кейін жарақаты толық жазылмағанына қарамастан, оны жақындарына еш түсіндірместен полиция белгісіз жаққа алып кеткен.

Туыстары сұрастырып жүріп 17 қаңтарда Сеит Сауатай Алматыдағы №18 тергеу изоляторында екенін анықтаған.

Мемлекет тағайындаған адвокатты да туыстары іздеп жүріп зорға тапқанын айтады.

Адвокат Сеит Сауатайға қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-тармағы (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бойынша бойынша айып тағылып, 2 айға қамауға алынғанын жеткізген.

Әншінің жақындары "Сеит қазақ елінің нағыз жанашыры, әндерінің көбісі патриодтық әндер. Бұған дейін сотты болмаған, бұзақылыққа ешқандай қатысы жоқ өнер адамы ретінде өзін көрсетіп келе жатқан азамат. Осындай адал азаматымыздың, шын таланттың өміріне балта шабылмаса екен" деп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір