• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:26:29
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 22 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 14 012 адамнан коронавирус, 160 адамнан пневмония анықталған. 21 қаңтарда 12 адам коронавирустан көз жұмған.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша, 146 273 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 9 747 пациент стационарда, 136 526 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 361 адамның жағдайы ауыр, 121 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта.

Түркістан облысы "Сары" аймақта.

23 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 122 455 адам вакцинаның I компонентін, 8 685 213 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір