• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:06:01
Алматы
+35°

Еуропарламентте Қазақстандағы адам құқығына байланысты қарар қабылдады. Құжат авторлары Қазақстан билігін адам құқығын бұзғаны үшін қатаң сынға алып, жекелеген адамдар мен топтарды қудалауға, адам құқығы өрескел бұзылуына байланысты Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына санкция салуға шақырады, деп хабарлады КазТАГ ақпарат агенттігі.

"(Еуропарламент – ред) адамдардың қаза тапқанына қатты өкінеді және зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады. Сонымен қатар Қазақстандағы бейбіт наразылықтардан кейін туындаған жаппай зорлық-зомбылық актілерін қатаң айыптайды. ЕП Қазақстанда халық реформа жасалмауына наразылық білдіріп, митинг ұйымдастыру құқығын толық көлемде пайдалануын қолдайды. Қазақстандағы адам құқықтарының, оның ішінде сөз бостандығының, еңбек және әлеуметтік құқықтардың күрт нашарлап бара жатқан жағдайын айыптайды. Қазақстан билігін өздерінің халықаралық міндеттемелерін сақтауға және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуге шақырады" делінген ЕП жобасында.

Сонымен қатар Еуропарламент Қазақстан үкіметін саяси астары бар айыптаулардан бас тартуға және құқық қорғаушыларды, белсенділерді, діни ұйымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, кәсіподақтар өкілдерін, журналистер мен саяси оппозициялық қозғалыстар өкілдерін ұстауды, оларға қолданылып жатқан қуғын-сүргіннің және қудалаудың барлық нысандарын тоқтатуға және адамдарға өздерінің саяси, діни және өзге де көзқарастарын еркін білдіруіне мүмкіндік беруге шақырады.

"(Еуропарламент – ред) Қазақстан үкіметін негізсіз ұсталған демонстранттар мен белсенділерді, саяси тұтқындарды дереу босатуға шақырады. Оның ішінде Бекжан Меңдіғазиев, Ерұлан Әміров, Игорь Чуприн, Руслан Ғинатуллин, Ержан Елшібаев, Салтанат Құсманқызы, Бауыржан Юсупова, Наталья Дәулетиярова, Ринат Баткаев, Ербол Есхозин, Асқар Қайырбек, Ұласбек Ахметов, Асхат Жексебаев, Қайрат Қылышев, Ноян Рахымжанов, Абай Бегімбетов, Райкүл Садырбаеваны дереу босатуды және толық ақтауды талап етеді. Биліктен азаматтық белсенділерге қатысты сотқа дейінгі қамау, үйқамақ және бас бостандығын шектеу шараларын жоюды сұрайды" делінген құжатта.

♦ЕП Қазақстан билігінің шерушілердің, БАҚ қызметкерлері мен белсенділердің негізгі бостандықтары мен құқықтарын бұзуын, соның ішінде қауіпсіздік күштерінің өлімге әкелетін күш қолдануын айыптады.

♦Еуропа парламенті президент Тоқаевтың ереуілшілерді "террорис" деп жалпы көрсетуін, олардың саны туралы дәлелсіз және асыра айтқан сөздерін және оларды "өлтіруге" бұйрық беруін айыптайды. Ату туралы кез келген бұйрықты көпшілік алдында жоюға шақырады. Билік тұтқындалғандар мен наразылық құрбандары туралы ақпаратты ашып айтуға, сондай-ақ қудаланғандардың барлығына халықаралық құқыққа сәйкес адвокат пен әділ сотқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақырады.

♦Еуропарламент Қазақстан билігін халықаралық стандарттарға сәйкес бейбіт наразылық құқығына кепілдік беру үшін қоғамдық жиналыстар туралы заңды қайта қарауға, Қазақстандағы адамдарға қамауға алынудан, полицияның қудалауынан және араласуынан қорықпай, бейбіт шерулерге қатысуына мүмкіндік беруді талап етті.

♦Сонымен қатар тәуелсіз БАҚ, азаматтық қоғам топтары, саяси оппозициялық топтар, белсенділер, кәсіподақтар және құқық қорғаушылар қызметіне үкіметтің шектен тыс араласпауын немесе саяси қудалаудан қорықпай жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге шақырды. Осыған байланысты сот төрелігі жүйесін түбегейлі реформалауға және БҰҰ мен ЕҚЫҰ ұсынғандай, Қылмыстық кодекстің саяси негізделген қудалау үшін қолданылатын баптарының күшін жоюды талап етеді.

♦Бұған қоса ЕП Қазақстан билігін Bostandyq Kz, Qaharman, Femina Virtute, Veritas, 405, Elimay и Article 14 сияқты құқық қорғау топтарын саяси қудалауды тоқтатуға шақырды.

♦ Еуропалық Одақ және халықаралық қауымдастықты Қазақстандағы екі апталық шерулер кезінде Қазақстан халқына қарсы жасалған қылмыстар бойынша тиісті халықаралық тергеуді дереу бастауға шақырады.

♦Сондай-ақ ЕП мүше мемлекеттерді 2022 жылғы қаңтарда Алматыда наразылық білдірушілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болу фактілері мен мән-жайларын, Қазақстан бойынша бейбіт наразылық қозғалысы басталған сәттен бастап адам құқықтарының бұзылуы туралы басқа да тұжырымдарды тергеуді қамтамасыз ету үшін ЕҚЫҰ-ның мәскеулік тетігін пайдалану жөніндегі бастаманы өзіне алуға шақырды.

♦Еуропарламент Қазақстан үкіметін арнайы БҰҰ мен ЕҚЫҰ сарапшыларын шақырып, тәртіпсіздіктердің салдарын зерттеуге шақырады және елдегі БАҚ бостандығына қатысты қолайсыз жағдайға алаңдаушылық білдірді.

♦ ЕП Қазақстан үкіметін тәуелсіз журналистерге еркіндік және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады.

♦ ЕП адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға қайшы келетін пікір білдіру және жиналыс еркіндігін бұзу мен келіспеушілікті басу үшін интернетті өшіруді қатаң айыптайды. Президент Тоқаевты Қазақстандағы еркін БАҚ-тың маңызы мен рөлін көпшілік алдында мойындауға және толық құрметтеуге шақырады.

♦Еуродепутаттар күзетпен ұстау орындарындағы азаптау және қатыгез іс-әрекеттерді де айыптап, азаптау жағдайларын жан-жақты тексеруге шақырды.

Еуро парламент Еуро одақтың адам құқығы саласындағы санкцияға байланысты жақында бекітілген жаһандық режиміне сәйкес, Қазақстанда 2022 жылғы қаңтарда болған халық наразылығы кезіндегі ауқымды және жүйелі адам құқығының бұзылуына байланысты кеңесті Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғаларына санкция салуға шақырады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір