• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:38:37
Алматы
+21°

АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.

Ақпаратқа сәйкес, АҚШ барлау агенттіктері Ресейдің шабуылы бір айдың ішінде болуы мүмкін екенін ескерткен.

"Егер олар Украинаға басып кірсе, бұл Ресей үшін апат болады. Біздің одақтастарымыз бен серіктестеріміз Ресейге және Ресей экономикасына ауыр шығын келтіруге дайын" деді Байден.

"Ол (Путин) шабуыл жасаса, өкінеді деп ойлаймын" деді Байден.

Кейінірек Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Байденнің Украина мен Ресейге қатысты сұрақтарға берген жауаптарын егжей-тегжейлі жариялады.

"Президент Байден Ресей президентіне ашық айтты: егер кез келген ресейлік әскери күштер Украина шекарасынан өтіп кетсе, бұл жаңадан жасалған басқыншылық болып есептеледі. Оған АҚШ және одақтастарымыз жылдам, қатал әрі біртұтас жауап береді" деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден АҚШ Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір