• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:02:33
Алматы
+35°
Журналист Вадим Борейко утильалым жинайтын жаңа ұйым ретінде белгіленген "Жасыл даму" акционерлік қоғамына бұрынғы оператор "РОП"-тың қожайыны, экс-президент Н.Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның қатысы бар екені туралы жазды.
 
Журналист "Жасыл Даму" АҚ бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты болғанын, ал былтыр "Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-сараптамалық орталықпен" бірге "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына" (іс жүзінде қазақстандық)  берілгенін мәлім етте.
 
"Бұл орталық Қазақстан экономикасын жасыл экономикаға өткізу үрдісіне, яғни көмірді қолдануды тоқтатып, жаңартылатын энергия көздерін тұтынуға көшу ісіне жауапты. Бұл мақсатта мемлекет 40 жылдың ішінде 650 миллиард доллар жұмсамақ. Оны шетелдік банктерден қарызға алады. Енді бәске қанша ақша тігілгенін елестете беріңіз. Бастапқыда Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жалғыз құрылтайшысы Экология министрлігі болған. Кейін орталық акциясының 50%+1 үлесі Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығына сатылды. Қауымдастықтың екі құрылтайшысы бар. Бірі – Әлия Назарбаеваның жеке қоры мен G-Global коалициясы. Бірінші құрылтайшының есімі өзінен өзі-ақ бәрін айтып тұр" дейді журналист.
 
Вадим Борейко екінші құрылтайшы G-Global коалициясының үш құрылтайшысы барын айтады. Олардың бәрі "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Төлеутай Рахымбеков пен оның қызы Әлияға тиесілі компаниялар.
 
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдасты басқарма төрағасы Айгүль Соловьёва болса, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы директорлар кеңесінің төрағасы, "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының бұрынғы басшысы Данияр Ереншінов. Журналистің сөзінше, соңғысы бірнеше жыл бұрын Мальтаның азаматтығын алған. Журналист орталықты "сонда шетел азаматы немесе қосазаматтығы бар адам басқарып отыр ма" деп сауал қояды.
 
Ескерте кетерлігі, Қазақстанда қосазаматтыққа тыйым салынған.
 
19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы шешім қабылдап, утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілгенін мәлімдеген. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін, әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайтынын хабарлаған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір