• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:59:29
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.

 

Кеше президент үкімімен Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылып, бұл қызметке Руслан Жақсылықов тағайындалған болатын.  

Сонымен қатар кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, Мұрат Бектановтың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірген.

 

– Қаңтар оқиғасы кезінде Қарулы Күштер өзіне сенімсіз әрі қабілетсіз басшылығының кесірінен жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде атқара алмады. Министр Бектанов командирлік қабілетін көрсете алмады. Командалық-штабтық және әскери жаттығулар кезінде оң нәтиже көрсеткен армиямыз бола тұра, сын сағатта оның әлеуетін пайдалана алмадық. Сырттан көмек шақыруға мәжбүр болдық, – деді Тоқаев.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір