• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:07:05
Алматы
+35°
Белсенді, Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай қылмыстық кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жауап алуға шақырылды. Бұл туралы оның жұбайы, журналист Инга Иманбай мәлім етті.
 
Журналистің сөзінше, белсенді 20 қаңтарға Алматыдағы полиция департаментіне шақырылған.
 
Инга Иманбай бірнеше күн бұрын полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында соққыға жығылған  "Демократиялық партия" белсендісі Дәурен Достияров босатылғанын еске алып, Жанболатты не күтіп тұрғаны белгісіз екенін айтты. Ол тіркелмеген Демократиялық партия көшбасшысын жабу арқылы, билік елдегі оппозиция өкілін жазалауға шешім қабылдаған болуы мүмкін екенін жеткізген.
 
Сондай-ақ ол Жанболат Мамай ешкімнен жасырынып жүрмегенін, жақында алған жарақатынан айыққан соң тергеу амалдары үшін полицияға міндетті тұрде баратынын айтты.
 
Бұған дейін Алматыдағы халық наразылығынан кейінгі жаппай тәртіпсіздік кезінде белсендіні әлдекімдер сабап кеткені хабарланған.
 
Артынша, Жанболат Мамай елде болған жағдай туралы әлемнің көптеген жетекші басылымдарына сұхбат берген.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.