• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:50:03
Алматы
+21°

Бүгін мәжілісте бірқатар заң жобалары қаралып, кейбірі сенатқа жіберілді. Солардың қатарында "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы", "Қауіпсізді кеңесі туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Өзгеріске сай, мәжіліс Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесін өмір бойына басқаруға құқық беретін нормаларды алып тастап, заң жобасын сенатқа жолдаған.

Депутат Ерлан Саиров мәжіліс мақұлдаған өзгерістерді президент Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын басқаратынын заң жүзінде рәсімдеу деп түсіну керектігін жеткізді.

 

– Президент осыдан бір жыл бұрын ассемблея төрағасы атанды. 5 қаңтарда  қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды. Соны заң жүзінде рәсімдедік, – деген ол "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" заңға ешқандай өзгеріс енгізілмеген айтты.

 

Қамшы тілшісі депутаттан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" заңға өзгеріс енгізу туралы мәселе мәжіліс күн тәртібіне енгізіліп жатыр ма" деп сұрағанда Ерлан Саиров "мәжілісте ондай жоба жоқ" деп жауап берді.

Демек "Елбасы туралы заң" толық күшінде. Оған сәйкес Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша құзыреттер мен кепілдіктер берілген.

Мәселен, заңға сәйкес Н.Назарбаев айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және "Отан" орденіне, "Халық қаһарманы" (Народный герой) атағына ие.

♦ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.

♦Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен  Елбасымен келісіледі.

♦ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

♦ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды.

Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

♦ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік беріледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Назарбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір