• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:22:27
Алматы
+35°

"Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды.

Блинкен Берлинде британ, француз және неміс әріптестерімен кездесуден бұрын Киевте президент Владимир Зеленскиймен келіссөздер жүргізеді.

Жұма күні ол Женевада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездеседі.

Бұған дейін Ресей Украинаға шабуыл жасау жоспарын бірнеше рет жоққа шығарған.

Алайда сейсенбіде АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері Мәскеу "кез келген сәтте" Украинаға басып кіруі мүмкін екенін айтты.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки журналистерге Ресей Украинамен шекараға жақын жерде ондаған мың әскер жинауы "өте қауіпті жағдай" тудырғанын айтты.

Ол қақтығысты болдырмау үшін "ешқандай нұсқа тыс қалмайды" деді.

Айта кетейік, бұған дейін НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг "Еуропада жаңа қарулы қақтығыс шығу қаупі бар" деп мәлімдегені жарияланған. Ресей жағы АҚШ және НАТО-мен қауіпсіздік келіссөздерін "сәтсіз" деп сипаттап, кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктер жалғасып жатқанын айтқан. НАТО Ресеймен соңғы 30 жылда бұрын-соңды болмаған соғыс қаупі туғанын мәлімдеген. Ұзамай Әл-Жазира телеарнасы "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деген ақпарат таратқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір