• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 07:08:53
Алматы
+19°

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда локдаун енгізілмейтінін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, алдағы уақытта шектеу шаралары өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қолданылмақ.

– Бүгінде ел ауқымында локдаун енгізу жоспарланған жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға, денсаулық сақтау жүйесінің қызып кетуіне жол бермеуге бағытталған, ал шұғыл көмек барлық халыққа қолжетімді, – деді Ажар Ғиният.


Министр елде "Омикрон" штамы тез таралып жатқанын және бүгінде Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңір "қызыл" аймақта тұрғанын атап өтті.

– Соңғы айда өлім саны 2-2,5 есе азайды. Өсу үрдісі жоқ. Соңғы айда стационарларда ем алатын пациенттер саны 2 есеге, амбулаториялық деңгейде 5 есеге артты, – деді ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір