• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:30:57
Алматы
+21°

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды баяндады.

 

– Қазақстанда "Омикрон" тез таралып, бүгінгі күні Түркістан облысынан өзге өңірлердің бәрі "қызыл" аймаққа өтті. Елдегі эпидемиологиялық көрсеткіштер КВИ-дің "Омикрон" түрінің таралуын растап отыр. Соңғы айда КВИ-мен ауыру 19,6 есе, репродуктивтілік сан 2 есе, КВИ-ге тестілеудің тәуліктік көлемі 3,5 есе ұлғайды және тәулігіне 50 мыңнан астам тест жасалуда. Ауру көбейсе де, соңғы айда өлім-жітім аз, 2,5 есе төмендеді. Стационарларда ем алатын пациенттердің саны 2 есеге, амбулаториялық деңгейдегі аурулардың саны 5 есеге артты, – деді А. Ғиният орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте.

 

Оның айтуынша, КВИ-мен тәуліктік сырқаттанушылықтың 60%-дан астамы 3 аймақта тіркеліп отыр. 

 

– Нұр-Сұлтан қаласында ауру 32 есе өсіп, бұл ретте тестілеу деңгейі ел бойынша ең жоғары және тәулігіне 10 мыңнан астам тестілеуді құрап отыр. Бірақ бас қалада халықты вакцинациялау қарқыны 1,5 есе және ревакцинациялау қарқыны 4 есе төмен. 

Алматы қаласында SARS-CoV2 ауруы 8 есе өсті. Тестілеу деңгейі қалпына келтіріліп, ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап 3,5 есеге артты. Вакцинация қарқыны 1,6 есе және ревакцинация қарқыны 3 есеге төмендеп отырғанын ескертеміз. 

Қарағанды облысында сырқаттанушылық 9 есе өсті. Ал вакцинация қарқыны 3 есе және ревакцинация қарқыны 3,5 есе төмендеп отыр, – деп атап өтті министр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ажар Ғиният

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір