• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:10:51
Алматы
+35°

ҚТЖ – жүк тасымалы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әлжан Имашев қызметінен кетті.

Әлжан Имашев – Қазақстан орталық сайлау комиссиясының төрғасы Берік Имашевтың ұлы, Нұрали Әлиевтің әйелі Аида Имашеваның інісі.

Нұрали Әлиев экс-президенттің қызы Дариға Назарбаеваның ұлы.

Елдегі жаппай тәртіпсіздікке ұласқан халық наразылығы кезінде Қауіпсіздік кеңесі президентке өткелі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары қызметтен шеттетіліп жатыр.

Кеше Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кетті.

Сондай-ақ кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты.

15 қаңтарда Назарбаевтың тағы екі күйеу баласы – "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметтерінен босатылған.

Димаш Досанов – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір