• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:02:35
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 17 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 9798 адамнан коронавирус, 8 адамнан пневмония анықталған. 16 қаңтарда 6 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша, 86 017 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 7388 пациент стационарда, 78 629 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 251 адамның жағдайы ауыр, 83 пациенттің жағдайы өте ауыр, 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта.

Түркістан облысы "Сары" аймақта.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 072 044 адам вакцинаның I компонентін, 8 630 788 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір