• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:00:45
Алматы
+35°
 

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық соты Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаевті мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартты, деп жазады lada.kz сайты.

4 қаңтарда әлеуметтік желіде Әзірбаевқа ұқсайтын жүргізуші ұсталғаны көрінген видео тараған. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

Сот барысында әкім Ақтау – Форт-Шевченко трассасының 3 шақырымында мас күйінде тоқтатылғаны анықталды. Сараптама нәтижесі жүргізушінің жеңіл түрде алгоголь тұтынғанын көрсеткен.

Әкім сот барысында ішімдік ішкенін мойындамады, тек емдік мақсатта мойнын спиртпен сүрткенін жеткізген. Соған қарамастан мемлекеттік қызметкер әкімшілік кодекстің 608-бабы, 1-тармағы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға ылынды. Сонымен қатар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Әзірге сот шешімі күшіне енген жоқ, Әзірбаев шешімге шағымдана алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір