• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:48:20
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі студенттер көктемгі семестрде дәстүрлі/аралас форматта оқитынын мәлімдеді.
 

"Студенттер үшін көктемгі семестр 24 қаңтарда басталады. Оқу дәстүрлі/аралас форматта болады. Жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер – онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар – оффлайн режимде өтеді" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ал, басқа қаладан келетін студенттер студенттер үйіне немесе жатақханаларға орналастырылады.

"Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттеріне оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова эпиджағдайдың күрделене түсуіне байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласында оқушылар үшінші тоқсанды онлайн форматта бастағанын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір