• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:44:02
Алматы
+35°

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мәжіліс депутатының мандатын босату туралы өтініш берген жоқ. Бұл туралы КазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.

11 қаңтарда Дариға Назарбаева науқастануына байланысты мәжіліс отырысына қатыспаған болатын. Кейіннен желіде оның жақын арада отставкаға кетуі мүмкін екенін туралы ақпарат тараған. Заң бойынша "ауруына байланысты демалыста" болған кезде жұмыстан шығарылмайды. 

Елдегі жаппай тәртіпсіздікке ұласқан халық наразылығы кезінде Қауіпсіздік кеңесі президентке өткелі Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын адамдары қызметтен шеттетіліп жатыр.

Бүгін Назарбаевтың бір күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кетті.

Сондай-ақ бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың туысы Самат Әбішті ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатты.

15 қаңтарда Назарбаевтың екі күйеу баласы – "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметтерінен босатылған.

Димаш Досанов – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір