• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:51:09
Алматы
+35°

Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов штаб отырысында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандар мен жалпы шығын туралы алдын ала мәліметті жариялады.

– Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 9 полицей қаза тапты, бес қызметкер ауруханада жатыр, екеуінің жағдайы ауыр. Барлығы 1 097 полиция қызметкері түрлі дене жарақатын алған, – деді Қ. Таймерденов.

Сонымен қатар, 5 фронт-офис, 19 модульдік бөлімше және 13 экопост өртенген. Алмалы полиция бөлімі де қираған. Қалада тек екі экопост ғана бүлінбеген.

– 165 көлік зақымданған, оның 64-ін қалпына келтіру мүмкін емес. 7 қару-жарақ қоймасынан 1 347 қару ұрланған. Бүгінде 127-сі тәркіленді, оның 58-і аңшылық дүкендерден ұрланғаны анықталды, – деп атап өтті департамент басшысы. 

Кеше Қанат Таймерденов Алматыда 149 адам қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев елде тәртіпсіздіктер кезінде жалпы 4578 адам зардап шеккенін мәлімдеді. Оның ішінде 4353-і жараланған, 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері екені анықталған. Жалпы 225 адам қайтыс болған.

Еске сала кетейік, 2 қаңтарда Маңғыстау  облысының тұрғындары сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты митингке шығып, ұзамай елдің өзге өңірлерінде де халық наразылығы өткен. Бейбіт митинг түрінде басталған наразылық шараларының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Соның салдарынан Алматы, Талдықорған қалалары қатты зардап шекті. Тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік ғимараты өртенді, президент резиденциясы басып алынды. Дүкендер, сауда орталықтары, банк кеңселері мен банкоматтар тоналды.

Фото: Tengrinews.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір