• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 07:45:25
Алматы
+19°

Астана LRT ісі бойынша айыпталушы Қанат Сұлтанбеков өзінің кінәсіздігін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Мен ешқандай ұйымдасқан қылмыстық топ құрған жоқпын және LRT, BRT құрылысына қатысты ақшаны ұрлаған жоқпын. Бұл ақшадан бір теңге де алған емеспін, — деді Сұлтанбеков.

Ол 2009 жылдың қазанынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана әкімінің орынбасары болып жұмыс істегенін, ал 2016 жылы әкімдік оларды Астана Банкіне ауыстырғаннан кейін LRT құрылысына бөлінген $257 млн жоғалғанын атап өтті.

Сұлтанбековтың айтуынша, француз серіктестері Еуропадағыдай жер үсті трамвайын іске қосуды ұсынған, бірақ Нұр-Сұлтан қаласының бұрынғы әкімі Иманғали Тасмағамбетов LRT-ны Дубайдағыдай жол өткеліне қоюды талап еткен.

– 2013 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жобаны тоқтатты "Тасмағамбетов жобаны арзандату мақсатында ел басшылығын LRT жобасын BRT (сыйымдылығы жоғары автобустары бар жеке бөлінген желілер) етіп өзгертуге, яғни эстакададағы трамвайды автобус желілеріне ауыстыруға көндірді". 2014 жылдың күзінде Астана қаласының әкімі болып Әділбек Жақсыбеков тағайындалды.

– Сол жылы Астананың жаңа әкімі Жақсыбеков мені ұлы Дәуренге жіберді, ол барлық көліктік жобалардан, соның ішінде LRT жобасынан ақша әкелуді талап етті. Мен бас тарттым, жұмыстан шығуға тура келді.

2014 жылдың желтоқсаны. Мен әкімдіктен кетіп, орныма Нұрәлі Әлиев (Дариға Назарбаеваның ұлы – ред) келді. Жақсыбеков (Әділбек Жақсыбеков 2014 жылы Астана әкімі болған - ред) ел басшылығын LRT жобасына қытайлық технологиямен қайта оралуға сендірді. Қазір "салынып жатқан", дәлірек айтқанда, қатып қалғанның бәрі Жақсыбеков пен Әлиевтің жасаған жобасы, – деп жазды Сұлтанбеков желіде.

Сонымен қатар ол қытайлық инвестицияның 257 миллион доллары жоғалғанын, Қытайда LRT ісі бойынша бірнеше адам сотталғанын атап өтті.

– Сол жылы Мәсімовтің Қытайға сапары аясында LRT-ны қытайлық компаниялар салады деген шартпен халықаралық несие тартылды. 2016 Қытайдың LRT-ға арналған 257 миллион доллар ақшасы кейіннен белгісіз себептермен банкротқа ұшыраған Астана банкіне аударылып, LRT құрылысы тоқтап қалды.

Бұл ақшаның қайда кеткенін банк шоттарында анықтау өте оңай, бірақ тергеу мұны істемейді. Президент Тоқаев 2019 жылдың желтоқсанында (Deutsche Welle) Қытайда LRT жобасы бойынша адамдардың сотталғаны туралы хабарлағаны есімде. Мен жұмыстан шығарылғаннан кейін 2 жылдан соң пайда болған LRT-нің қытай нұсқасына менің не қатысым бар?, – деп жазды Сұлтанбеков.

Сұлтанбеков LRT емес, BRT-ге қатысы бар адамдар сотта болғанын айтты.

– Сондықтан, бәрін өз атымен атау керек: BRT жобасы бойынша сот LRT-ге "тұздық" ретінде өтті, бірақ LRT жобасы бойынша ешкім жауапқа тартылмайды, тергеу жүргізілмейді, 257 миллион доллар ізделмейді. Әкімдер мен Үкімет мүшелерінің ешқайсысынан мүлде жауап алынған жоқ. Бірақ негізгі шешімдерді солар қабылдады, — деп жазды ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір