• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 08:26:26
Алматы
+21°

Мәжілістің экс-депутат Бекболат Тілеухан елдегі болған жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Отыз жылдық төл тарихымызда осындай қиын, ауқымды әрі күрделі сынаққа тұңғыш рет бетпе-бет келдік. Тағдырдың талай тезінен өткен еліміз бұл сындарлы кезеңнен сынып қалмай өте білді. Қауіптің бұлты сейілді, күрделі күндер артта қалды, – деді Тілеухан.

Ол республикалық телеарналарға берген сұхбатында мұндай жағдайларға ешқашан жол берілмеуі керегін атап өтті.

– Ендігі біздің темірқазық етіп, бұлжымас қағида қылатынымыз — береке-бірлік, тыныштық пен тұрақтылықтың қадірін біліп, сақтауымыз. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз. Өткеннен өнеге, сынақтардан сабақ алайық. Ең бастысы – енді мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз, – деп жазды экс-депутат желіде.

Айта кетейік, ел ішінде жуырда ғана өкілеттігі тоқтатылған депутат Бекболат Тілеухан ұсталғаны туралы әңгіме тараған болатын. Кейіннен бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны хабарланып, туыстары оның Сауд арабиясында Меккеде екенін айтқан

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Бекболат Тілеухан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір