• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:16:52
Алматы
+35°

Дариға Назарбаева науқастануына байланысты мәжіліс отырыстарына қатысқан жоқ. Бұлай деп парламент мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Ол да басқа әріптестері сияқты денсаулығына байланысты демалыс алып, бүгінгі отырысқа қатысқан жоқ, – деді баспасөз қызметінің мамандары.

Дариға Назарбаева мәжілістің 5 қаңтарда өткен отырысына да қатыспаған.

Ол кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырған отырысқа да қатысқан жоқ.

Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие. Ол экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.

Бұған дейін комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және жұмысқа дәлелді себеппен келмей жүргенін айтқан. 

Бейресми ақпараттарда Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері шетелге кетіп қалғаны туралы айтылады.

Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ақпарат шындыққа жанаспайтынын, Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласында президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланысып отырғанын мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дариға Назарбаева

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір