• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:08:16
Алматы
+35°

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті. Отырыста жаңа премьер-министр Әлихан Смайыловқа елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты бірқатар тапсырма жүктелді. "Қамшы" тілшісі президент бастамалары туралы саясаттанушы Самат Нұртазамен шағын сұхбат құрды. 

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген мәселелер, жаңа премьер-министрге берген тапсырмалар мен жүктеген міндеттер қаншалықты өзекті?

– Енді қаншалықты өзекті деген сұрақ менің ойымша дұрыс емес. Бұл мемлекетіміздің және бүгінгі бүкіл Алаш жұрты қарап отырған өзекті мәселе. Басқа мәселе жоқ. Басқа мәселелерді біз өшіріп, ұмытуымыз керекпіз. Бүгін президентіміздің ұсынған кандидатурасы Әлихан Смайылов мырза және оған жүктелген міндеттемелер өте ауыр, бірақ ұлт үшін, ел үшін, жер үшін жасалатын мәселелер. Сондықтан да қазір барлығымыз президентіміздің айналасында топтасып, көмектесіп президентімізге тірек болуымыз керек. 

– Президент мәжілістегі жиында неліктен саяси реформа тақырыбын айналып өтіп, оны алдағы жолдауға қалдырды деп ойлайсыз?

– Қылмыстық істердің тергеуі әлі де бітпеуіне байланысты. Бұл жерде саясаттан гөрі қылмыстық істер көп болып тұр. Мемлекетке опасыздық жасаған, сатқындық істер көп болғандықтан және тергеу әлі бітпегендіктен президентіміз нақты әлі барлығын ұстап, біліп шындықтың түбіне жетпегендіктен әзірше бұл мәселені айтпады. Себебі қазір асығыс шешім болып кетуі мүмкін. Барлығы айқындалып, ашылғаннан кейін президентіміз халыққа шындықты айтады деп есептеймін.

– Президенттің Нұрсұлтан Назарбаев отбасы мүшелеріне қатысы бар делінетін утильалым мен Қорғас кеденіндегі жағдайды реттеуге байланысты тапсырмаларын қалай бағалайсыз?

– Біріншіден, өз басым утильге қарсымын. Менің ойымша "утиль" деген керегі жоқ нәрсе. Тіпті оны мүлдем жоймаса да салығын азайтып, мүмкін бүгінгі төлеп отырған сумманың тек қана 30-40 пайызын ғана қалдыру қажет деп есептеймін. Екіншіден, Қорғас мәселесін біз оны барлығымыз білеміз. Президенттің тілімен айтсақ, кедендік жүйе – жалпы мемлекетте осы жылға дейін жемқорлықтың иісі болған аймақ. Сондықтан да ол жерде бас прокуратура өз тәртібін орнатып, кінәлілерді ұстап мемлекетке салықты көбейтеді деп сенемін. 

– Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы Н.Назарбаевтан Қ.Тоқаевқа өткені белгілі. Өзін “Назарбаевтың көмекшісімін” деп атаған Кәрім Мәсімовтың қамалуы, оның орынбасары, елбасының туысы Самат Әбіштің қызметінен алынуы, бүгінгі жиында Назарбаев әулетінің ықтималды бизнесіне байланысты мәлімделер жасауы ел билігінің толықтай президентке яғни Тоқаевқа шоғырланғанын білдіре ме?

– Қазір тек қана ресми ақпаратқа жүгініп, сөйлейтін заман. Өзіңіз білетіндей Қылмыстық кодекстің 274 (көрінеу жалған ақпарат тарату) бабында көрсетілген. Ресми түрде Кәрім Мәсімов мырзаға әлі айып тағылған жоқ, сот болмады. Бірақ ол тұтқындалды. Сондықтан да қазір нақты біреуді кәнілі деп немесе біреу кетті, біреу келді заман өзгерді деп айтуға әлі ертерек деп есептеймін.

Бірақ 2019 жылы 19 наурызда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев кетті, 2019 жылы 9 маусымда жаңадан президент сайладық. Бұл нақты ресми ақпарат. Содан бері бірдеңе болды деген жалған ақпарат. Сондықтан тек қана ресми ақпараттарға жүгінейік.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Самат Нұртаза

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір