• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

26 Мамыр, 07:07:04
Алматы
+17°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын" делінген президент жарлығында.

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күш құрылымдарының 18 қызметкері қаза тауып, Ұлттық ұлан мен ішкі істер органдарының 748 қызметкері зардап шеккен.

Жалпы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен 2 265 адам медициналық көмекке жүгініп, 83 адам ауруханада ауыр халде жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан Аза тұту

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір