• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:47:59
Алматы
+35°

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жоспардан тыс өткізілген баспасөз мәслихатында  Қазақстандағы газ бағасының қымбаттауына қатысты түсініктеме берді. 

Баспасөз мәслихаты Ақтау мен Жаңаөзендегі наразылықтарға байланысты ұйымдастырылды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы Орта Азиядағы ең төменгі бағалардың бірі. Бұл – өндіруші компаниялар үшін кедергі, баға төмен болса, газ өндірісі өспейді. 2020 жылы газдың ішкі тұтыну көлемі 1,4 миллион тоннаны құраған. 2021 жылы ішкі нарықта сұйытылған газды тұтыну 1,6 миллион тоннаға дейін өскен. Бұл ретте газ өндіру өспейді, ал тозған зауыттардың жиі жөнделуі сұйытылған газ жалпы өндірісінің төмендеуіне алып келеді, деп атап өтті министр.

Сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қатысты Энергетика министрі  мынадай түсініктеме берді.

  • Газ бағасының өсуіне бірнеше фактор себеп дейді.
  • 1 қаңтардан бастап сұйытылған газ электронды саудаға өтті, сондықтан бағасы жанар-жағармай бекеттеріне жеткенше литріне 120 теңге болған;
  • Соңғы 2 жылда газбен жүретін көлік 2 есеге артқан, бұл тапшылыққа әкелуде;
  • Маңғыстаудағы көліктің 70% газбен жүреді;
  • Газ өңдеуші зауыттар әбден ескірген, сондықтан шығатын өнім азайып келеді;
  • Газдың қазіргі зауыттан шығып жатқан өзіндік құны литріне 136 теңге шамасында;

Айта кетейік, 2022 жылғы 1 қаңтадан бастап Жаңаөзенде "көгілдір" отын бағасы кенеттен 120 теңгеге дейін өскен. Тұрғындар кешелі бері газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді бейбіт түрде талап етуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Тоқаев шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаны хабарланды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жаңаөзен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір