03 Қаңтар, 2022 NEWS

Фотоколлаж
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы наразылық акцияларына қолдау ретінде өзге де өңірлер қосылып жатқаны хабарланды.
Журналист Оңғар Қабден ақтаулықтар Жаңаөзенге қолдау білдіріп шыққанын жазып, видео жариялады.
Желі қолданушысы Абзал Досым "Вахтадағылар жұмысқа шығудан бас тартқанын" жазып, мәселені тез арада шешпесе болмайтынын, астанадан бара жатқан НұрОтанның екі депутаты, премьер-министр де ештеңе шеше алмайтынын жеткізген.
Амантай Айсұлтанұлы есімді желі қолданушысы Ақтөбеде алаңға шыққан.
Белсенді Жанболат Мамай "Жаңаөзенді қолдау" мақсатында жұртты Алматыдағы Республика алаңына келуге шақырған. Қазіргі таңда Алматыдағы Республика алаңы мен "Астана" алаңы жан-жақтан қоршалып, қозғалыс шектелген. Мобильдік интернет істемейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір