• USD 432.79

  • EUR 453.35

  • RUB 6.73

  • CNY 64.14

18 Мамыр, 09:58:35
+21°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты екі жазба жариялады.

"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", "Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек" делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жаңаөзен қаласының халқы газ бағасының көтерілуіне орай наразылық білдіруде.

Энергетика министрлігі өкілдері газ бағасы нарықта қалыптасқан жағдайға және сұраныстың көбеюіне байланысты қымбаттағынын, баға енді бұрынғы деңгейге қайта келмейтінін айтады.

Қалада ұялы байланыс пен интернет ұстамайды. Жергілікті билік өкілдері мен прокуратура азаматтарды  тарауға шақырып жатыр. Наразы адамдар талабы орындалмайынша алаңнан кетпейтінін жеткізуде.

Алаңға ыстық тамақ, шәй әкеліп жатқаны хабарланды.

Таңертең наразылыққа шыққан адамдармен сөйлесу үшін астанадан билік өкілдері келеді деген ақпарат бар.

Оқи отырыңыз:

♦ Ақтау, Ақтөбеде адамдар алаңға шықты. Мұнайшылар жұмысын тоқтатты

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жаңаөзен Митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір