• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

24 Қаңтар, 12:26:53
Алматы
-3°

Үкіметтің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 және 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына енгізілген өзгерiстерге сай, мемлекеттік қызмет штаты саны қысқарады.

Атап айтқанда 22 жылдан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының санын қысқарту жоспарланып отыр.

"1) 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін;  2) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін" делінген үкімет қаулысында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мемлекеттік қызмет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір