• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:46:36
Алматы
+35°

АҚШ президенті Джо Байден "денсаулығы жақсы" болса, 2024 жылы сайлауға қайта түсетінін және Дональд Трампқа бәсекелес болуға дайын екенін айтты.

Президент Ақ үйде тағы төрт жыл қызмет етуге тырысатыны туралы бұрынғы пікірін растай отырып, ABC телеарнасының жүргізуші Дэвид Муирге берген сұхбатында денсаулығы нашарламаса, қайта сайлауға түсетінін жеткізді.

"Егер бұрынғы президент (Дональд Трамп) Республикалық партиядан үміткер болса, онымен бәсекеге түсесіз бе?" деген сұраққа Байден күліп, "бәсекеге баратынын" айтты.

"Кандидат ретінде Дональд Трампқа қарсы неге шықпасқа..." деді Байден. 

79 жастағы Байден "Иә. қараңызшы, мен тағдырды құрметтеймін, тағдыр менің өміріме талай рет араласты. Денсаулығым жақсы болса, шынымен мен қайтадан (президенттікке) үміткер боламын" деді Байден.

Бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп 2024 жылы сайлауға түсуі мүмкін екенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Байден Трамп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір