• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:36:02
Алматы
+35°

Әлемде Омикрон штамы таралуына байланысты, эпидемиологиялық ахуал нашарлай бастады.

АҚШ-та “Омикрон” штамын жұқтырғандардың саны екі күн сайын еселеп артуда. АҚШ ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаукидің айтуынша, “Омикрон” штамын жұқтыру саны бір аптада 8-10%-дан 73% - ға дейін өскен. 

Германия тұрғындарына пандемияға байланысты қарым-қатынасты мүмкіндігінше шектеу ұсынылды. 28 желтоқсаннан бастап жеке кездесулерге ең көп дегенде 10 адам қатыса алады деп күтілуде. Вакцинацияланбаған адамдар тек бірге тұратын адамдармен араласа алады. Сонымен қатар түнгі клубтар мен дискотекалар жабылуы мүмкін.

Таиланд Пхукеттен басқа саяхаттауға болатын барлық провинцияны шетелдік туристер үшін уақытша жауып тастады. Ел билігі барлық келушілер үшін міндетті карантин енгізуді қайта қарастыруда.

Ұлттық хоккей лигасы ойын маусымын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Лигада мұндай шешім коронавирусты жұқтырған ойыншылар мен клуб қызметкерлері санының күрт өсуі және 50-ге жуық тұрақты чемпионат ойындарын мәжбүрлеп көшіру аясында қабылданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір