• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:44:58
Алматы
+35°

фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

2003 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен құрылған «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» - Маңғыстау өңірінің әлеуметтік және экономикалық дамуына тың серпін беруде.

 актау

         Арнайы экономикалық аймақ құрылған 18 жылда АЭА аумағындағы жобаларға әлемнің 7 елінің, соның ішінде Қытай, Ұлыбритания, Әзербайжан, Сингапур, Түркия, Германия, Иран және жергілікті инвесторлар 244 млрд. теңге инвестиция салды. Осы жылдар ішінде 395 млрд. теңгеге жуық өнім өндірілді, бұл ретте өндірілген өнім көлеміндегі жергілікті қамтудың үлесі 75%-ды құрайды.

 актау

         Арнайы экономикалық аймақ құрылған сәттен бастап қазынаға  52,1 млрд. теңге сомасында салық төлемдері төленді. Жаңадан 3000-нан астам тұрақты жұмыс орны құрылды, оның  95%-ы жергілікті кадрлар.

 актау

         Бүгінгі таңда экономикалық аймақта мұнай өндіру, өңдеу, құрылыс, көлік және логистика, туризм нысандарын салу мақсатында 41 қатысушы тіркеліп, 19 жоба сәтті іске асырылып жатыр.

актауактау

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір