• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:17:44
Алматы
+35°

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жауап алудан соң уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Бұл туралы "Ақ жайық"басылымы мәлімдеді.

Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев кінәсін бірден мойындағандықтан оны уақытша босатқан. Ал Хаменова уақытша қамау изоляторына қамалған.

Басылымның жазуынша, Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиев кеше 4,5 млн көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Былтыр ақын Абай Құнанбайұлы ескерткішін орнатуға қатысты екі рет ұсыныс айтылған. Бірінші ұсыныс облыстық мәслихат сессиясында, кейін ұлы ақынның 175 жылдығын тойлау аясында жасалды. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен депутаттар бұл идеяны қолдап, кейін тендерге дайындық басталған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, келісімшарт сомасы 150 млн теңге, мәдениет басқармасы алғашқы траншты өткізіп үлгерген.

"АЖ" мәліметінше, 12 желтоқсанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері тергеу сотында Хаменованы екі ай қамауға алу туралы өтініш бермек.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазамына тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір