• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:54:55
Алматы
+35°

"Алма сити-5" тұрғын-үй кешені макеті/Фото: qazaqstroy.kz

Алматыда 13-22 желтоқсан аралығында "Шаңырақ" бағыты бойынша 1666 пәтерді брондау жүргізіледі. Пәтерлер Наурызбай ауданындағы "Алма сити-5" тұрғын-үй кешенінде орналасқан. Бағдарлама "Отбасы банк" АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаға әкімдіктің үй кезегінде тұрған төмендегідей санатқа жататын азаматтар ғана жібере алады.

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

2) көп балалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар.

Брондау 13 желтоқсан сағат 10:00-де басталып, 22 желтоқсан 23:00-ге дейін жалғасады.

23 желтоқсанды қоса алғанда 5 жұмыс күні аралығында өтініш білдірушілердің төлем қабілеттілігін бағалау жүреді.

Брондау Otbasybank.kz интернет-ресурсында қабылданады.

1666 пәтердің типі бойынша ақпарат төмендегідей:

  • Пәтер түрі: 1 бөлмелі пәтер, 58 пәтер, ең жоғарғы аудан 37,8 ш.м.
  • Пәтер түрі: 2 бөлмелі пәтер, 401 пәтер, ең жоғарғы аудан 57,9 ш.м.
  • Пәтер түрі: 2 бөлмелі пәтер, 384 пәтер, ең жоғарғы аудан 66,7 ш.м.
  • Пәтер түрі: 3 бөлмелі пәтер, 623 пәтер, ең жоғарғы аудан 80 ш.м.
  • Пәтер түрі: 3 бөлмелі пәтер, 200 пәтер, ең жоғарғы аудан 82,8 ш.м.

Тұрғын үйдің "таза" әрлеудегі  1 шаршы метрі 240 000 теңге. Яғни пәтер құны 9 млн 72 мың теңге мен 19 млн 872 мың теңге аралығында болады.

"Шаңырақ" бағыты бойынша ипотекалық кредит жылына 5 пайызбен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Алғашқы жарна үй құнының 10 пайызын құрауға тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір