• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

20 Қаңтар, 20:07:12
-1°

Қазгидромет 9-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің дерегінше, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі жауын-шашынсыз кең антициклонның ықпалында болады. 

Түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градус аязға дейін төмендейді, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 градус аязға болады деп күтілуде. 

Сонымен қатар елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан циклон әсер ете бастайды. Алдағы екі күнде республиканың шығыс аймағында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жел күшейеді деп күтілуде. 

Ал 11 желтоқсан түнде республиканың солтүстігінде ауа температурасы 5-10 градусқа, кей жерлерде 15-20 градусқа, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір