• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:52:57
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 6 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 545 адамнан коронавирус, 6 адамнан пневмония анықталған. 5 желтоқсанда 6 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмған.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 23 452 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 744 пациент стационарда, 18 708 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 355 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр, 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 795 168 адам вакцинаның I компонентін, 8 203 255 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір