• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:54:15
Алматы
+35°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қарасай ауданына барған сапарында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Алматы – Бішкек автокөлік жолының «Алтын орда» базары тұсындағы учаскесі мен Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының облыс елді мекендерімен түйісетін бөліктерінің құрылыс жұмыстарына және басқа да өзекті мәселелерге назар аударды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Болатбек Айтбаевтың хабарламасын тыңдағаннан кейін Қанат Бозымбаев өзінің бірқатар ұсыныстарын білдірді. Алматы – Бішкек жолының «Алтын орта» базары тұсындағы учаскесі асфальттың төменгі жабыны төселген, яғни тегіс емес қалпымен уақытша пайдалануға берілетін болады. Бұл ретте облыс әкімі жолды бір айдың ішінде іске қосуды, ал асфальттың үстіңгі соңғы жабынын көктемде төсеп бітіруді тапсырды. Осыған байланысты Қанат Бозымбаев филиал басшысына бұл жөнінде халыққа кеңінен түсіндіру керектігін ескертті. Сол сияқты БАКАД қиылысына дейінгі жол бөлігін 5 жолақты етуді қарастыруды ұсынды.  

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге осы кездесу барысында Қанат Алдабергенұлына БАКАД құрылысына қатысты жобалар да таныстырылды. Осы орайда облыс әкімі алдағы уақытта осы жоба құрылысына қатысты тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдардың өкілдері және Іле, Жамбыл, Талғар аудандары әкімдерінің қатысуымен жиын өткізіп, жол мәселесі кеңінен талқыланатын айтты.

Бұдан әрі «Kagazy Recycling» ЖШС-ның өндірісте пайдаланылған қалдық суларының жинақталуынан маңайға жайылып, әсіресе «Асыл Арман» тұрғын үй кешені тұрғындарын мазалап отырған жағымсыз иісті болдырмау мәселесі де талқыланды. Мекеме өкілі күніне 1800 текше метр су пайдаланылатынын және тазарту құрылғысы орнатылғанымен, пайдаланылған судың 40 пайызы қайта қолданылып, ал 60 пайызы шығарынды болып отырғанын айтты. Облыс әкімінің айтуынша, бүгінгі ХХІ ғасырда заманауи технология өнідірісте қолданған суды толығымен қайта тазартып, пайдалануға мүмкіндік береді.

- Суды қажетті деңгейде, сапалы көлемде тазартатын құралдар сатып алыңыздар. Әрине, мұндай озық технологияны енгізу үлкен қаржыны талап етуі мүмкін. Бұл үшін кәсіпорынға жергілікті орган тарапынан қандай қолдау керек? Әлі де бұл мәселені жан-жақты зерттейік. Қалай дегенде де тұрғындар үшін бұл мәселені тиімді шешуіміз керек, - деді Қ.Бозымбаев.

Сапарының соңында облыс әкімі «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнында болып, оның вакцина өндіру ісіндегі жаңалықтарымен танысты. Мекеме директоры Нұрлан Ахметсадықовтың айтуынша, 1998 жылдан ветеринария саласы бағытында жұмысын бастаған кәсіпорын соңғы бір-екі жыл көлемінде медицинаға бет бұрған. Биыл "QazVac" вакцинасын құю мен жаңа желіні іске қосуға арналған құрал-жабдықтарды мемлекет қаражатынан сатып алған, оған «Жетісу» ӘКК арқылы жергілікті бюджеттен 420 млн. теңге бөлінді. 2021 жылғы тамыз айында зауыт "QazVac" вакцинасын құюға арналған желіні тестілік режимде іске қосты, 300 мың дозаға арналған 3 валидациялық серия әзірленді. Құрал-жабдықтар Германия, Италия, Қытайдан жеткізілді. Енді коронавирустан басқа 4 түрлі сырқатқа қарсы вакцина өндіру жобасын ұсынып отыр. Мекеменің өндіріс процесімен танысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін айтты.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір