• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:00:25
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 4 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 695 адамнан коронавирус, 95 адамнан пневмония анықталған. 3 желтоқсанда 15 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

5 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 325 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 882 пациент стационарда, 19 443 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 363 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр, 61 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

5 желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда 8 778 757  адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 8 176 988 адам II компонентін салдырған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, Солтүстік Қазақстан облысы "Қызыл" аймақта, Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары "Сары" аймақта. "Жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір