• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:25:49
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 3 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 686 адамнан коронавирус, 112 адамнан пневмония анықталған. 2 желтоқсанда 20 адам коронавирустан көз жұмған.

4 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 326 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 994 пациент стационарда, 19 332 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 349 адамның жағдайы ауыр, 96 пациенттің жағдайы өте ауыр, 60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "Қызыл" аймақта.

Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

4 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 771 142 адам вакцинаның I компонентін, 8 166 067 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір