• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:51:18
Алматы
+35°

Батыс елдері Беларусь президенті Александр Лукашенконың үкіметін "Адам құқықтарын бұзды және ЕО шекарасында заңсыз миграцияны ұйымдастырып отыр" деп айыптап , санкция салды.

АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Еуропалық блок бейсенбі күні бірлескен мәлімдемеде санкцияны жариялап, "белгілі бір жеке тұлғалар мен ұйымдарды" нысанаға алғанын айтты. 

Бұл әрекет Батыс елдерінің Лукашенконы "құқық бұзды және миграциялық дағдарыс тудырды" деп айыптап, оған қарсы жүргізіп жатқан қысым науқанының бір бөлігі.

"Біз Беларусь халқының демократиялық ұмтылыстарын қолдауға дайынбыз. Тәуелсіз азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының және барлық белорусьтердің даусын өшіруге тырысқан режимге қарсымыз. Осы ұстанымды қолдайтындармен бірге боламыз. Беларусь халқы өз елінде болып жатқан шындық пен әділет үшін күресіп жатыр" делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Беларусь санкция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір