• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:06:44
Алматы
+35°

АҚШ мемлекеттік хатшысы Антоний Блинкен егер Ресей Украинаға басып кіретін болса, экономикалық жазалаудың үлкен соққысына ұшырайтынын айтып ескерту жасады. Блинкен бұл туралы Ригадағы Солтүстік Атлант кеңесінің отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Антоний Блинкен Ресей соңғы апталарда Украинадағы әскери операцияына дайындықты арттырғанын атап өтіп алаңдаушылық білдірді.

– Бізді Ресейдің  Украинаға қарсы агрессивті қадамдар  жоспарлап отырғаны қатты алаңдатады. Ресейге әскери күштерін Украина шекарасынан алып кетуді талап етеміз.  Егер Ресей Украинаға басып кіретін болса, үлкен құн төлейді, – деді Блинкен.

Айта кетейік, Ресей соңғы апталарда Украина маңына ондаған мың жауынгер шоғырландырып,  үлкен жаттығуға кірісті. Сонымен қатар Кремль НАТО-мен шығысқа қарай кеңеймеу туралы келіссөздер жүргізгісі келетінін және Америка ракеталарының Украинаға шоғырлануын қаламайтынын мәлімдеп отыр.

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір