• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:21:38
+35°

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыстары талқыланды.
 
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.
 
Ақтөбе облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдардамалар басқармасының басшысы Асланбек​ Шүиншалиев халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуы оң нәтиже беріп жатқанын айтты.
 
Барлығы, 1 қазандағы жағдай бойынша 32,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, оның ішінде 15,6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.
 
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен осы жылдың қорытындысы бойынша 53​ 477 жұмыссыз бен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды қамту жоспарланып отыр, бүгінде жоспар 87% орындалып, 46​ 558 адам қамтылды. Атап айтқанда, 2 мыңнан аса адам техникалық және кәсіби, соның ішінде қысқа мерзімді оқуға жіберілді. «Бизнес бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін 1498 адам оқып, тағы 1255 адам бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін ​ жалпы сомасы ​ 695,4 млн. теңгеге қайтарымсыз грант алды»,- деді Асланбек​ Шуиншалиев.
 
Жиын соңында облыс әкімі халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мен жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде, өңір басшысы тұрақты жұмыс орындарын ашуды тапсырды, әсіресе облыс аудандарында.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір