• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:47:38
Алматы
+35°

Бүгін Алматы қаласындағы «Астана алаңында Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Онда өңірдің 17 ауданы мен 3 қаласынан жеткізілген азық-түлік саудаланды. Жәрмеңкеде жалпы құны 174,8 миллион теңге болатын 455 тонна көлемінде ауылшаруашылық өнімі ұсынылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қалалықтар үшін 36,0 тонна ет, 21,0 тонна сүт өнімдері, 114,7 тонна көкөніс пен 38,0 тонна жеміс-жидек, 15,8 тонна балық, 38 тонна картоп және басқа да тауарлар саудаға шығарылды. Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы қала базарынан 10-15 пайызға арзан әрі сапалы.

- Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында тұрамын. 8 гектар алма бағым бар. Жыл сайын өтетін дәстүрлі жәрмеңкені сағынып қалыппыз. Саудамыз ойдағыдай жүруде, - дейді жәрмеңкеге арнайы келген Тайыр Қалдаяқов. Сондай-ақ, сауда сөрелерінде Текелі сүт зауытының өнімдеріне, Ескелді ауданының балына, Еңбекшіқазақ ауданының алмасына, Нарынқолдың картобына, Бақанастың күрішіне, Көксу мен Ақсудың ет өнімдеріне, басқа да табиғи таза өнімдерге деген сұраныс өте жоғары болды. 

Жәрмеңкенің өту барысын облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев бастаған жұмыс тобы қадағалап, сауданың қалай жүріп жатқанын көріп, ауылдан келген шаруа қожалықтарының жетекшілерімен пікірлесті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір