• USD 475.51

  • EUR 464.15

  • RUB 8.2

  • CNY 66.85

04 Қазан, 16:01:41
Алматы
+19°

30 Қараша, 2021 Барлық аймақтар

Бұл өзгеріс салық төлемейтіндерге арналған

Мобильді аударымдарға салық салу туралы түрлі әңгіме-қауесет тарап жатқаны шындық. Қазір екінің бірінің қолданатыны kaspi болған соң, kaspi аударымдарына салық салынады екен деп шығарып алғандары және бар.

Фото: Ашық дереккөз

Бұл заң әзірге қабылданған жоқ, қабылданған жағдайда барлық банктердің мобильді қосымшаларындағы аударымдарға қатысты. Жеке адамдардың бір-біріне аударымдарына салық та салынбайды, қадағаланбайды да.  Ал жеке адамдардың кәсіпкерлік қызмет не тауар ақысы үшін аударым арқылы жасаған төлемі бақыланады, салық төлеуді талап етеді.

Кез-келген адам ұялы қосымша арқылы аударым жасаса салық ұсталады екен деген жаңсақ пікір. Ағайын-туысқа, дос-жаранға бұрынғыдай аударым жасай бересіз. Ол үшін сізден ешкім ештеңе сұрамайды.

Бұл өзгеріс тек мобильді қосымшадағы аударым қызметін пайдаланып, өздері пайда тауып, бірақ салық төлемейтін кәсіпкерлерге қатысты. Кәсіпкерлер (дүкендер мен бутиктер иесі, таксистер т.б.) қолма-қол ақшамен ғана аламыз деп жатыр. Олар қолма-қол ақшаға  көшсек салық төлемейміз деп ойлайды. Бұл қате пікір. Қолма-қол төлемге де салық салынады. Кез-келген кәсіпкерлік қызметтен түскен табысқа салық салынуы керек. Төлем ақысын қолма-қол не онлайн алса да, кәсіпкер төлем түбіртегін беруі керек. Кәсіпкер қолма-қол ғана алам десе түбіртек беруді талап етіңіз. Қарсылық танытса, салық органдарына шағымдана аласыз. Сол арқылы бюджетке түсім түсіресіз, көлеңкелі ақшаны айналымнан шығарасыз. Осы заңға өзгеріс енуінің  мақсаты да сол, көлеңкелі ақшаны айналымнан шығару.

Төлем қабылдайтын адам, төлемақы қабылдауға арналған арнайы құрылғы алып жүру керек емес. Бар болғаны ұялы телефонына бизнеске арналған Kaspi Pay орнатса болды. Сол арқылы өз бюджетін басқарып, кіріс-шығысын көре алады, қаржылық, кәсіпкерлік сауатын арттырады.

Зат сатып алу кезінде аударым арқылы төлесе +3% сұрап жатқандарды заңсыз. Өйткені,  бұл заң әлі күшіне енбеген заң. Кәсіпкерлерді ешкім әлі бақылап жатқан жоқ.  Бір жағынан  кәсіпкерлер микро, шағын бизнес бойынша  2023 жылға дейін салықтан жеңілдік алған.

Kaspi Gold-пен төлем қабылданбайды деген ақпарат та жалған ақпарат. Кез-келген жерде Kaspi Gold-пен төлем қабылданады. Тек кәсіпкерлер жаңа өзгерістерді өздеріне тиімсіз санап аударым арқылы төлем қабылдамай жүрген болуы керек.

Қаржы министрлігінің өкілі Олжас Отардың дерегінше, мобильді қосымшалар арқылы былтыр 35 трлн теңге айналымда жүрген. Биыл бұл сома 43 трлн теңгені құрайды. Міне, осы триллиондардан салық алынса, ол бюджетке түседі, бюджеттегі ақша халықтың жағдайын жақсарту үшін жұмсалады. Сонда сіз де бюджетке салық түскенін қаламайсыз ба?..

«Салықтан қорқудың қажеті жоқ. Қарапайым халықтың алаңдауға жөні жоқ. Мысалы бір кәсіпкерге бір күнде 50-100 рет аударым жасалған болса, арнайы бақылайтын боламыз. Яғни, үздіксіз ақша түсіп тұрса бақылау жасалынады. Хабарлама жіберіледі, бірден салық төле демейміз. Ел шулады екен деп салықтан жалтаруға үлес қоспауымыз керек. Жалпы кез-келген салада қоғамдық бақылау болмай, дамымаймыз. Заң бәріне ортақ. Сосын бұл өзгеріске қарсы шығу – көлеңкелі экономиканы қолдау», – дейді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отар.  

 

 

Эльенора Әмір

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір