• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:12:59
Алматы
+35°

Алматы облысы Талғар қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған 4 жасар қыздың өліміне қатысты жаңа дерек шықты.

Талғар ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға "Талғар-Нұрәлі" ЖШС тиесілі "Бүлдіршін" балабақшасында болған.

"Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, 26 қарашада сағат 15.20 шамасында бала түскі астан кейінгі ұйқыдан оянбаған. Қызметкерлер бірден жедел-жәрдем шақыртып, баланың ата-анасына хабар берген" делінген әкімдік хабарламада.

2017 жылғы қыз аталған балабақшаға 2020 жылдың 8 желтоқсанда қабылданған. 

Бұған дейін, 4 жасар қыздың қайтыс болуына тамағына белгісіз зат тұрып қалуы себеп болғаны хабарланды.

Іс қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі (абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркелген. 

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БАЛАБАҚША АЛМАТЫ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір