• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:47:02
Алматы
+35°

Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы "Қазақ тілі" қоғамының президенті болып сайланды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Айдос Сарым facebook парақшасында хабарлады.

 

"Қазақ тілі" қоғамының құрылтайы белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлын Қоғамның президенті қылып бірауыздан сайлады" делінген депутат жазбасында.

 

"Қазақ тілі" қоғамы – қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамытуға ықыласты қазақ және басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым.

Ұйым 1989 жылы Алматы қаласында өткен 1-құрылтайда құрылған. Онда "Қазақ тілі" қоғамының Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданып, міндеттері айқындалды.

Қоғамдық ұйым жұмысын ҚР Конституциясы, Тіл туралы Заңы, өзінің Жарғысы және халықаралық құқықтық, адамгершілік нормалар негізінде жүргізеді.

Қоғамның мақсаты – қазақ тілінің республикада және одан тыс жерлерде кеңінен қолданылуына байланысты мемлекеттік, қоғамдық әр түрлі ұйымдар мен ұлттық мәдени орталықтарға, жеке азаматтарға көмек көрсету.

Ұйымды бұған дейін ұзақ жылдар академик Өмірзақ Айтпаев басқарған. Ғалым 2020 жылы өмірден өткеннен кейін уақытша төрағалық белгілі филолог Ерден Қажыбекке өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір