• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қазан, 02:47:35
Алматы
+9°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Жаңаталап елдімекенінде ауыз су мәселесі шешімін тапты. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, аталған елдімекендегі ауыз сумен қамту нысанының құрылысы мердігер мекеме «СМКиЖ-7» тарапынан жүргізілген.

Бүгінге дейін нысанның құрылыс жұмыстар аяқталған. Қаладан шалғайда орналасқан елдімекенде барлығы 1700 үй бар. Қазіргі уақытта 1000 үйге су есептегіш құралдары орнатылып, тұрғындарға су беру жұмысы жүргізілуде.

Айта кетейік, биыл мегаполис тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында барлығы 14 нысанның құрылысы басталды. Жыл соңына дейін 9 елдімекендегі ауыз су мәселесі шешіліп, көрсеткіш 95,6% -дан 98 %-ға өсетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір