• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:34:37
Алматы
+35°

Солтүстік Корея билігі корей тіліндегі "Кальмар ойны" сериалын көргендерді соттады. Билік сериалды көріп отырған жеті орта мектеп оқушысын ұстаған. Кейінірек Netflix-тің "Кальмар ойны" сериалының көшірмелерін контрабандалық жолмен әкелген және сатқан ер адамды өлім жазасына кескен.

Жазаланушы Қытайдан Солтүстік Кореяға "Кальмар ойнының" көшірмесін әкеліп, USB флэш-дискілерін сатқаны айтылды. Азат Азия басылымының ақпаратынша, үкімді ату командасы орындайды.

Көшірмені сатып алған студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ал шоуды көрген тағы алты адам бес жылға ауыр жұмысқа кесілді, ал мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі жұмыстан босатылып, шалғай шахталарда жұмысқа жегілуі немесе жұмыстан қуылуы мүмкін дейді дереккөздер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір